Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қасиетті үйде, қастерлі Құран хатым етілуде

03.07.2014 3275 0 пікір

ҚМДБ-ның тарапынан Жетісу жеріне Түркия елінен келген Хусейн Сырры Сонар есімді қари жіберген болатын. Хусейн Сырры Сонар Сиря елінде оқыған, арапшасы жетік, хадис ілімінен ижаза алған ғалым жігіт.

Жетісу жамағатына тек тарауих намазында имамдық қылумен ғана шектелмей жамағаттарға хадис ілімінен тәлім беруде. Сонымен қатар, сауат ашу курсында оқып жатқан жас жеткіншектергеде өз ықыласымен құранды мәнерлеп оқуға үйретуде. Биылғы жылы Құран хатым күніне бір парадан ғана оқылуы жамағатқа үлкен жеңілдік тудырып отыр. Хусейн Сырры Сонар сынды ғалым азаматты Туркия елінен шақырып, жамағатқа үлкен жағдай жасап беріп отырған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына Жетісу жұрты дән разы. Алдағы уақыттарда осы ізгі бастама өз ретін таба берсе деген үміттеміз. 

ҚМДБ Талдықорған өңірі
бойынша баспасөз қызыметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру