Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имам тікелей эфирде

03.07.2014 3115 0 пікір

ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша өкіл имамы Смайыл Сейтбеков облыстық телеарнаның «Рамазан - ұлық ай» бағдарламасына қатысты. «Ораза ұстау- бес парыздың бірі» тақырыбында өрбіген сұхбат барысында облыстың бас имамы тікелей эфирде тұрғындардың сауалдарына жауап берді. Өкіл имам мен телеарна басшылығының келісімімен рамазан айы бойы «Қазақстан -Ақтау» телеарнасында «Рамазан- ұлық ай» атты бағдарлама көрермендер назарына ұсынылуда. Аптаның сейсенбі, сәрсенбі күндері кешкі сағат 19:00 де басталатын бағдарлама 40 минутқа созылады. Ораза тақырыбында уағыз -насихат айтылып, тікелей эфир желісінде облыс тұрғындарының оразаға қатысты сауалдарына жауап беріледі.

Маңғыстау облыстық
орталық мешітінің
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру