Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Зиялы қауым өкілдеріне ауызашар берілді

02.07.2014 4141 0 пікір

Қасиетті рамазан айының алғашқы күнінен бастап Маңғыстау облыстық орталық мешітінде күнделікті тұрақты түрде ауызашар беріліп келеді. Мешіт ауласына тігілген 3 киіз үйдің бірі арнаулы қонақтарға арналып, бекітілген кестеге сай әр түрлі саланың өкілдеріне бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы атынан ауызашар ұйымдастырылуда. Рамазанның үшінші күнгі ауызашары облыстағы зиялы қауым өкілдеріне арналды. Маңғыстауға белгілі  ақын жазушылар мен елге еңбегі сіңген қайраткерлер ауызашар дастарханынан дәм татты. Белгілі өлкетанушы, «Балдағы алтын ақ болат», «Адай тарихы сыр шертеді» кітаптарының авторы Бектұр Төлеуғалиев, қадірлі ардагерлердің бірі, жазушы Дүйсенбі Әріпов, белгілі жазушы Әбілқайыр Спан, «Маңғыстау тарихы» кітабының авторы Алқажан Еділхан, желтоқсан көтерілісінің қаһарманы Айша Тұяқбайқызы, жыршы термешілер Амандық Көмеков пен Қамбар Оразов және мешіт ақсақалдары қонақ болған рамазанның кеші әсерлі өтті. Өкіл имам С.Сейтбеков өлкенің сыйлы азаматтарын ілтипатпен қарсы алып, олармен бірге имандылық , ізгілік тақырыбында әңгіме дүкен құрды.

Маңғыстау облыстық
орталық мешітінің
баспасөз қызметі
 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру