Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы халыққа жолдаған үндеуінде: «...Қасиетті айда күнәға жетелейтін, Алланың ашуына шақыратын барлық жаман істерге жол бермесек екен. Қоғамдық көліктерде жол ақысы арзандатылса, күнделікті тұтынатын заттарға жеңілдіктер жасалса, асханаларда ауызашар мезгілінде қайырымдылық акциялар ұйымдастырылса, ұжымда, кәсіпорындарда, әсіресе, құрылыс салаларында ауыз бекіте жүріп жұмыс істейтін бауырларымызға құрмет көрсетіліп, түсіністік танытылып жатса, нұр үстіне нұр дер едік. Рамазан айында берілетін Құдайы тамақтар ауызашар уақытында ұйымдастырылса.» ,- деп халықты қайырымдылық жасауға үндеген болатын.
Бұл үндеуге ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша жалпы және жастар ісі бөлімінің өкілдігі қапыда қалмай өз үлестерін қосуға асықты.
Облыстық жастар өкілі мен аудандық өкілдер азық - түлік дүкендері мен киім – кешек сататын дүңгіршектерді аралап мүбарак рамазан айы мен құттықтап, Бас мүфтидің үндеуін жеткізіп Алла ризалығы үшін Рамазан айында азық-түліктердің, киім – кешектердің бағасын түсіруге шақырды. Сонымен қатар «Арақ – шарапсыз Рамазан шариф» ұранымен жастар тағы да бірнеше дүкендерді аралап осы берекелі айда арақ – шараптың сатылмауына ықпал жасауларын өтінді.
Жастардың бұл жұмыстары әрине нәтижесіз болмады. Пайыз бен шаққанда 100 % -дың 60 % өз үлестерін қосатындықтарын жеткізді.
Әрине бұл тек бастамасы ғана. Жастарымыз әлі де осы жұмыстардың толық орындалуы үшін білек сыбана жұмыстарын жалғастыра бермек.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі
Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің
,аспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
02.07.2014
3426
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру