Талдықорған қаласында ақпараттық өкілдеріне ауызашар берілді. Бұл ауызашардың ерекшелігі биылғы жылы белгілегеніндей дінмен дәстүр жылына сәйкес қаламыздың төрінде, Қаратал өзенінің жағасында орналасқан киіз үйде атап өтілді.
Тілшілерімізге құрмет көрсетіліп, діни әндермен қоса қазақы рухты көтеретін әндер шырқалды. Тілшілеріміздің арасынанда өнерлі жандар өздерінің өнерлерін ортаға салып, қалжың әңгімелерімен кештің шырайын келтірді. Бір айта кетеріміз Жетісу жеріндегі журналистеріміздің жүздерінен имандылық шуағы төгіліп тұрады десек артық айтпағанымыз болар еді. Себебі қандайда бір діни шараларға толық қолдау көрсетіп, ақпараттық көздеріне жариялап келеді.
Өңіріміздің өкіл имамы Серікхан Рымханұлы келген қонақтарымыздың баршасына Бас муфти Ержан қажы Малғажыұлының атынан құттықтау сөз айтып, сыйлықтар ұсынды.
Бас мүфтидің бастамасыменен тілшілерге құрмет көрсетіліп жайылған ауызашар дастарханына ақпарат өкілдері дән разылықтарын білдірді.
Талдықорған өңірінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
02.07.2014
3416
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру