Баламды медресеге біл деп бердім,
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.
Өзім де баска шауып, төске өрледім,
Қазаққа қара сөзге дес бермедім.
( Хакім Абай)
Йә, қазақ халқының маңдай алды дара ақыны осынау бір шумақ пен тобықтай сөздің тоқетерін айтқандай.
Сан мыңдаған жылдар бұрын қазақ жеріндегі исламмен, қазіргі шақтағы ислам дінінің ақуалы жер мен көктей десек артық болмас. Ол замандарда ақ күмісті аталарымыз бен ақ жаулықты аналарымыз Алла парыз қылған амалдарын тығылып оқитын халде болды.
Қазір Аллаға сансыз шүкірліктер болсын. Егемендігімізді алып, еңсемізді тіктеген шақта ең алдымен елімізіде Алла үйінің саны артты.
Кеңес заманында мешіттердің саны 63 болса, қазіргі таңда олардың саны 2700-ге жетті. Бұл еліміздегі Ислам дінінің құлаштап кеңге жайылуының көрінісі. Тағы бір көрінісі жастарымыздың намаз оқып мешітке келулері және ата-аналарымыздың балаларын жетектеп мешіт жанындағы сауат ашу курстарына әкелу.
Мінекей сол сауат ашу курсы Қызылорда қаласының орталық мешітінде және қала, аудан мешіттерінде 20 күн бұрын алғашқы топ сабақтарын бастаған болатын. Бүгінде сол түлектер оқуларын тәмәмдап, емтихадарын тапсырып Өкіл имамның атынан сертификаттар табысталды.
Сауат ашу курсына қатысқан бүлдіршіндердің дені Құранға түсіп, шариғатпен сусындады. Оқу барысында балаларды қала мешіттері облыстық мұражайларға саяхат жасап, саябақтарда суруен құрып, мұз айдындарында сырғанап қызықты күндерін өткізді. Аудандық мешіттерде де сауат ашу курсы қарқынды жүріп, оқу соңында шәкірттерге ынталандыру сыйлықтары мен велосипедтер табысталды.
Жазғы алғашқы сауат ашу курсының жұмысы аяқталғасын, орталық мешітімізде сауат ашу курсының екінші тобы өз жұмысын бастады. Жаңадан келген шәкірттерге Өкіл имам ақ батасын беріп, дұға жасады.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі
Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің
баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
02.07.2014
3273
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру