Қасиетті Рамазан айындағы қайырлы істердің бірі – Құран Кәрімді оқу және тыңдау.
Бір хадисте: «Қандай да бір қауым Алланың үйінде жиналып Алланың Кітабын оқып, араларында үйренсе, оларға тыныштық түседі, Алланың мейіріміне бөленеді, оларды періштелер қоршайды және Алла оларды қасындағылардың жанында еске алады» - деген.
ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлының ұйымдастыруымен арнайы Түркия елінен келген Джағфар Иылдыз есімді қари жергілікті уақыт бойынша сағат: 12.00-де ер және әйел жамағатына Құран Хатым оқып жатыр. Қасиетті кітапты оқу және тыңдау арқылы Алла тағаланың мейіріміне бөленген жамағаттың қуанышында шек жоқ.
«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
02.07.2014
3423
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру