Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Оразаға насихат

02.07.2014 3529 0 пікір

Қасиетті Рамазан айы қарсаңында облысымыздың түкпір-түкпірінде оразаға байланысты насихат жұмыстары жанданып келеді.

«Иманғали» орталық мешіті ауласының сыртқы бетінде «Рамазан айы мүбәрак болсын!» атты баннер ілініп, арнайы ауызашарға су-диспенсерлері орнатылды. Сонымен қатар, қаламыздың барлық аялдамалары мен автобустарында, Вокзал маңы ықшам ауданы мен «Лимон» сауда орталығында «Қош келдің, Рамазан нұр шашқан ай!»  атты плакаттар ілінді.

Аталған плакатта ораза кестесі, рухани пайдасы, денсаулыққа пайдасы, шарттары, оразаны бұзатын нәрселер атап көрсетілген.

«Иманғали» орталық мешітінің 
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру