Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қос мұнаралы мешітінде ауызашар берілді

01.07.2014 3265 0 пікір

Семей аймақтық Қос мұнаралы орталық мешітінің асханасында мешіт жамағаттарына, зиялы қауым өкілдеріне, ораза ұстаған қала мұсылмандарына, ауызашар берілді.

Семей аймағының өкіл имамы Алтыбай Мақсат: «Ораза ұстау сауабы мол ұлық ғибадат. Ораза адам жанын тазартып, жаман қылықтардан сақтайды. Бір көңіл қуантарлығы жылдан жылға, ораза ұстауға ниет еткен жастарымыздың қатары көбейіп келе жатыр», – деді. Ақ дастархан басына жиналған жамағатқа, Рамазан айының құндылығы  туралы уағыз айтып, ақ тілегін жеткізіп, осы ауыз ашар рәсімі Рамазан айы бойы жалғасатынын хабарлады.

Сондай-ақ өкіл имам Алтыбай Мақсат Шығыс өңіріне тарайтын діни танымдық басылым «Ислам нұры» газетінің өңірімізге төл дінімізді насихаттап келе жатқанына  биыл 14 жыл толып отыр. Газет шығару оның жұмысын қалыптастыру оңай емес. Осы уақытқа дейін газетіміздің  үні шалғай ауыл-аймақтарға дейін жетті. Көптеген адамдардың  діни сауатын ашып, имандылыққа бет бұруына себепкер болды. Қазір, әр мұсылманның іздеп жүріп оқитын сүйікті басылымына  айналды. Газет жұмысын жан-жақты ізденіспен, біліктілікпен, табанды қайраткерлігімен  осы уақытқа дейін алып келе жатқан қаламы қарымды, журналист, дініміздің жанашыры Дәулет Рамазанұлын кәсіби мерекесі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері күні мерекесімен шын жүректен құттықтып, алғыс хатпен марапаттады, қасиетті Құран кітабын және естелік ретінде бағалы сыйлық тарту етіп, шығармашылық табыс тілеп шынайы алғысын білдіріп рахметін айтты.

Дастархан басына жиналған қадірменді ақсақал Мәулітжан Тәуірбекұлы және ақжаулықты әжелеріміз сауапты іс-шараны ұйымдастырып отырған өкіл имамға өз ризашылықтарын білдірді.  

 

Семей орталық мешітінің
баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру