Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сыр өңіріндегі Рамазан айындағы іс-шаралар

01.07.2014 3378 0 пікір

30 күнде 30 бағдарлама

Жергілікті телеарна «Қоғам ТВ» арнасының қолдауымен орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде Рамазан айының 30 күнінде 30 бағдарлама түсірелетін болды.

Бағдарламаның алғашқы қонағы ретінде ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкіл имамы Талғат Сейіткәрімұлы шақырылды. Өкіл имам бағдарлама арқылы Қызылорда халқын және қонақтарын Мүбрак Рамазан айының келуімен құттықтады. Сонымен қатар бағдарлама барысында ораза ұстаудың артықшылығы, ораза кімдерге парыз және парыз емес, оразаны бұзатын, бұзбайтын жағдайлар, Рамзан айында не істеу керек, фидия садақасы,  ораза  ұстай алмайтындардың жағдайы, ораза кәффараты, оразаның денсаулыққа пайдасы туралы көптеген мағұлматтар берді.

Бұдан кейінгі бағдарламаларда қалалық «Айтпай» мешітінің имамы Тлеубергенов Алпамыс «Шынайы қайырымдылық – адамдарға қайтарымсыз көмек», орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұстазы Арын Берік «Оразаның шарттары», орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің найб имамы Улжаев Бақыт «Ислам татулық пен бірліктің діні» тақырыптарында уағыз жүргізді.

Бұл бағдарламалар кешкі ауыз ашар уақытында қалың жұртшылыққа ұсынылатын болады.

 

Абзал жандар мен кездесу

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі Талғат Омаровтың ұйымдастыруымен әр бір Рамазан айында «30 күнде 30 мекемеде кездесу» ұранымен уағыз насихат тобы жұмыс жасайды.

Бұл Рамазан айында да әдеттегідей кездесулер өз жалғасын тауып жатыр. Соның бірі Өкіл имам бастған топтың облыстық медицина орталығындағы кездесуі болды. Бұл рухани кездесуге бірқатар орталықтың медбикелері, аяжандар мен лауазымы жоғары дәрігерлер қатысты.

Кездесу барысында Бас имам мүбарак Рамазан айымен құттықтап, оның қасиеттілігіне жіті тоқталып, Қадір түнінің артықшылығы туралы, осы айда көптеген қайырымдылық іс-шаралармен айналысудың абзал екенін  және де медицинаның Ислам дініндегі орнын кеңінен тарқатып айтты.

Келелі кездесу барысында ораза, пітір садақа турасында әр түрлі сұрақтар қойылып, ақ халатты абзал жандар тұшымды да қонымды жауаптар алды.

Медицина қызметерлері кездесудің өте маңызды әрі әсерлі болғанын айтып, лдағы уақытта осындай кездесу тағы да жалғасын тапса екен деген ізгі тілектерін жеткізді.

Алла қаласа осы секілді рухани нәр беретін кездесулер алдағы уақытта әрі қарай басқа да мекемелерде жалғасын таба бермек.

 

2000 дана кітапшалар шығарылып құттықтаулар таратылды 

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Амешіт-Сырдария» мешітінің ұйымдастыруымен Рамазан айы туралы жиі қойылатын сұрақтардың топтамасы жинақталып, тұшымды жауаптармен шығарылған “Қасиетті Рамазан мүбарак болсын!” атты кітапшалар 2000 данамен, ораза кестесі 5000 данамен  шығарылып жұртшылыққа тегін таратылуда.

Сонымен қатар бұл кітапшада Дінбасы Ержан қажы Малғажыұлының үндеуі, Бас имам Талғат Сейіткәрімұлының  құттықтауы және ораза кестесі қамтылған.

Сондай-ақ Рамазан айымен сүйіншілеп облыс, қала әкімдіктеріне және бірнеше мекемелерге Өкіл имамның атынан құттықтаулар таратылды.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі 
Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің
б
аспасөз хатшысы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру