Айлардың сұлтаны рамазан айы келісімен барлық жаратылыс шаттыққа бөленері сөзсіз. Бұл сәттерде мұсылманның қуанышын айтпасада түснікті. Айдың туғанына бір қуанса, Алла алдындағы боршы оразаны тұтатына екі қуанады.
Талдықорған қалалық «Нұр» орталық мешіті осы қуаныштың аясын кеңейтіп, биылғы жылы рамазанда Талдықорған өңірінің өкіл имамы Серікхан Рымханұлының ұйымдастыруымен ауызашар берілетін шатыр салынып, барлық жағдайды жасады.
Рамазанның бірінші күнінен ақ өз жұмысын бастаған бұл орталықта 350 адамға ауыз ашар берілді. Сонымен қатар, жамағатқа ифтар кезінде мөп-мөлдір бұлақ суы 6 адамға арналған төре табақ ас жеміс–жидектер тәтті сусындар мен салаттар қойылып дастархан үстінде өкіл имам оразаның пайдалары мен шарттарына тоқталып, рамазан айында ауызашарлар Талдықорған өңіріне қарасты қала, аудан, кент мешіттерінде бір ай бойына өз жалғасын табатынын айта кетті.
Міне орзаның алғашқы күнінен ақ жамағатқа шаттық сыйлаған мешіт, жамағат арасындағы ауыз біршілік пен татулықтың ұйтқысы болды. Ауыз ашардағы мешіт қызметкерлерімен жамағаттың шат–шадыман қуанышы бейне бір мүбәрак айдың көрінісін дәлелдегендей.
ҚМДБ Талдықорған өңірі
бойынша баспасөз қызыметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
01.07.2014
3546
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру