«Патшалық және мүліктер иесі Алла пәк.
Үстемдік, ұлылық, құдірет, үлкендік және өктемдік иесі Алла пәк.
Өлмейтін (мәңгі) тірі (патшалардың) патша Алла пәк...»
Қасиетті Рамазан айында 30 күнде 30 параны хатым еткен сауапты іс екені белгілі. Пайғамбарымыз (с.а.у.) Жебрейіл періште екеуі рамазан айында сол жылғы түскен аяттарды қарама-қарсы отырып бір-біріне оқып беретіндігі риуаяттар арқылы бізге жеткен. Сахабалар осы үрдісті Пайғамбарымыз (с.а.у.) қайтыс болғаннан соң жалғастыратын еді. Осылайша бұл үрдіс біздің заманымызға жетіп келген.
Бұл үрдіс Қызылорда облысының барлық мешіттерінде тарауих намазының 20 ракағатына бір парадан қосылып оқылып жатса, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде де Құран хатым жасалуда.
Алланың кәләмін естуге, Пайғамбарымыздың (с.ғ.у) сүннеті болған тарауих намазын оқуға ықыластанып мешітке ағылушылар Сыр өңірінде Аллаға шүкір өте көп. Бұл халықтың Рамазанға деген сүйіспеншілігін көрсетсе керекті.
Ардақты ағайын, 30 күн сауабы мол Тарауих намазына қатысып, Құран Кәрім нұрынан үлескер болыңыз.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша
баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
01.07.2014
3715
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру