Алматы қаласындағы «Орбита» мешітінің бас имамы Асан Тілеубердиевтің игі бастамасымен шаһардағы №63 бағыт бойынша қатынайтын автобуста Рамазан айының құрметіне жолаушылар үшін тегін жүру акциясы өтті.
Дін жанашырларының демеушілігімен өткен ізгі шарада қоғамдық көлік бір күн бойы тұрғындарды тегін тасыды. Бұдан әсерленген өзге ұлт өкілдері мешіт ұжымына алғыс-тілектерін жеткізді.
«Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Рамазан айының қарсаңында халыққа жолдаған Үндеуінде қайырымдылық акцияларын көбірек ұйымдастыру қажеттігін қаперге салған болатын. Осыған орай, өткен жылғы дәстүр бойынша қалада ең көп аумақты қамтитын және тоқтаусыз жүретін №63 маршрутты таңдап, тегін жүру акциясын ұйымдастырдық. Алла тағала осынау іске демеушік жасаған бауырларымызға разы болсын», – дейді «Орбита» мештінің бас имамы Асан Тілеубердиев.
«Орбита» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
01.07.2014
3080
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру