Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Халыққа құрма таратылды

01.07.2014 3115 0 пікір

Рамазанға бір күн қалғанда Орталық мешіттің наиб имамдары бас имам Нұрбек Есмағанбеттің басшылығымен оразаның басталуына орай айырықша  шара өткізді. Шараның мақсаты – Ораза жайлы қарапайым халықты құлағдар ету және Исламның бес парызы оразаға қарай қадам бастыру деп, хабарлайды azan.kz.

Шара мешітке жақын маң 28- Панфиловшылар паркі, Көк базар және Пушкин көшесіндегі саяжолда жүргізілді. Мешіт имамдары жүргіншілерге құрма мен Рамазан жайлы арнайы даярланған кітапша тартты. Сонымен қатар, халықтың ораза жайлы сұрақтарына жауап беріп, оразаның маңыздылығын да сөз етті.

Қуантарлық жайт, жүргінші халықтың бұл шараға деген көзқарастары оңды болып шықты. Әр ұлттың өкілдері сый- сыяпатты қуанышпен қабыл алып, қызығушылық танытты, Рамазан жайлы толығырақ білу мақсатында кітапшаның орыс тілді нұсқасын сұрағандары да кездесті.

Жүргізілген шара кімдерге арналған болса да, кімдердің басшылығымен атқарылған болса да әркімге жемісті нәтиже береді деген үміттеміз. Назарларыңызға шараның қысқаша бейнерепортажын ұсынамыз.

azan.kz

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру