Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

30 күнде 30 ауыз ашар

01.07.2014 3823 0 пікір

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Нұржан Әлібаев Пайғамбарымыз (с.ғ.с)-ның: «Кімде-кім Рамазан айында ораза ұстаушыларды құрметтеп, ауыз ашар берсе ораза ұстағандай сауап алады» деген хадисін басшылыққа ала отырып жамағатқа арнап ауыз ашар берді.

Ауыз ашар дастарханына әкімшілік ұжымы, ораза тұтушы жамағаттар, жағдайы төмен отбасылар шақырылды.

Сондай-ақ ауыз ашарда  ҚМДБ-ның Қызылорда облысындағы өкілі Талғат Сейіткәрімұлының жамағатқа арналған уағызын әкімшілік ұжымы, келген қонақтар ұйып тыңдады. Сонымен қатар Бас имамы Талғат Омаров жиылған халықты қасиетті Рамазан айымен құттықтап, ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын деп,  Алла тағаладан мемлекетіміздің тыныштығын, көп ұлтты елімізде әрдайым бірлік болуын сұрап дұға қылды. -«Келесі Рамазан айына дейін сіздермен осылай аман-есен жүздесуді, бірге тұрып, тілек тілеуді нәсіп етсін!»-деген жүрек жарды тілегін жеткізді. Сондай-ақ  облысы әкімінің орынбасары Нұржан Әлібаевта орталық мешітте жиналған жамағатты  Қасиетті Рамазан айымен құттықтап, еліміз бірлік пен амандықта болсын деп тілектерін айтты.

Осылайша орталық мешітімізде және бірнеше қала, аудан мешіттерінде 30 күнде 30 мәрте жамағат үшін ауыз ашарлар ұйымдастырылып тұрады.

Алла аузы берік әр бір жанның оразасын қабыл етіп, екі дүниелік бақыт нәсіп етсін.

 

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі 
Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің
Баспасөз хатшысы

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру