Маңғыстау облыстық орталық мешітінде рамазанның 2-ші күні ауызашар өңірдегі БАҚ өкілдеріне арнап ұйымдастырылды. 28- маусым баспасөз күніне орай аймақтағы тілшілер қауымы кешкісін облыстық мешіт ауласындағы киіз үйде бас қосты. Ауызашарға облыс әкімінің орынбасары Бану Нұрғазиева, Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Звира Түгелқызы, Маңғыстау облыстық Дін істер Басқармасының басшысы Ерлан Есбергенов, «Маңғыстау Медиа» ЖШС директоры Ғалымжан Мелдеш, сондай-ақ, аймақтағы телеарна, газет тілшілері қатысты. Өкіл имам жиналғандарды рамазан айымен құттықтап, журналистер қауымының дінді насихаттаудағы еңбектеріне алғысын білдірді. Облыс әкімінің орынбасары Бану Нұрғазиева: «Имандылық - бұл ата бабаларымыздың ежелден ұстанып келе жатқан жолы. Елбасымыздың өзі жыл сайын зиялы қауым өкілдерімен бірге рамазанда ауызашар ұйымдастырады. Бұл біздің жас мемлекетімізде дініміздің өркен жайып келе жатқандығының көрінісі. Мұндай шаралардың дінді насихаттауда маңызы зор» деді.
Жиналғандардың барлығы өкіл имамның уағызын тыңдап, дінге қатысты өздерінің ойларымен бөлісті.
Биыл Маңғыстау облыстық мешіті ауласында 3 киіз үй тігілді. Оның екеуінде міскіндер мен мұқтаж жандарға, жалпы жамағатқа ауызашар берілсе, біреуі күнделікті бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының атынан арнайы қонақтарға арналып отыр. Рамазанның алғашқы күнінде арнайы қонақтарға арналған киіз үйде жағдайы төмен отбасыларға ауызашар берілсе, мұнан кейін БАҚ өкілдері қонақ болды. Рамазанның соңына дейін өңірдегі зиялы қауымдарға, құқық қорғау қызметкерлеріне, мемлекеттік қызметкерлерге, мүгедек жандарға, дәрігерлерге, соғыс ардагерлеріне, жетім балаларға, т.б. ауызашар беріледі.
Маңғыстау облыстық
орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
01.07.2014
3850
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру