ҚМДБ, Жезқазған аймағына қарасты Кенгір ауылдық мешіті бас имамы Естауов Медеттің ұйымдастыруымен, оқушылардың үш айлық жазғы демалыстарын ұтымды пайдалану мақсатында мешіт жанынан жазғы сауат ашу курсын ұйымдастырған болатын.
Арнайы ата-аналардың өтініштері мен оқушылардың туу туралы куәліктерінің көшірмелерімен қабылданып, таңғы сағат 9:00-ден түскі сағат 13:00 ге дейін сауат ашу курсының барысында дәстүрлі дінімізді жастардың санасына қалыптастырып, үлкенге құрмет кішіге ізеттілік, имандылық секілді құндылықтар мен қоса Құран әріптерін жаттау, дәрет алып үйрену, Құран жаттауға машықтануда.
Үзіліс арасында ұлттық ойындар ләнгі, хан талапай мен қоса теңбіл доп секілді денсаулыққа пайдалы ойын түрлерімен ойнатылуда. Алдағы уақытта ұлт ұясы, үш жүздің басы қосылған Ұлытауға саяхат, Жезқазған-Сатпаев мешіттеріне саяхат, су қауыздарына арнайы апару секілді жоспарлар бар. Сабақ барысында тәттілер мен шырынды сулармен қамтамассыз етілетін болады.
Жазғы сауат ашу курсының соңында арнайы қатысушыларға сертификаттар мен үздік оқушыларға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар берілетін болады. Аталған іс-шаралар еліміз бойынша барлық мешіттерде өткізілуде.
ҚМДБ, Жезқазған аймағы,
Кенгір ауылдық мешітінің
баспасөз қызметі.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
01.07.2014
3127
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру