Қасиетті Рамазан айы қарсаңында Науан хазрет атындағы Көкшетау орталық мешіті сауат ашу курсында оқитын шәкірттерге арнап білім сайысы өткізілді.
Бүгінде бұл мешіт жанындағы жазғы сауат ашу курсында 70 бала білім алуда. Жаз айларындағы алынған білім деңгейлерін анықтау мақсатында үш кезеңнен тұратын сайыс өтті. Бұл жолы өз өз білімдерін ортаға салған шәкірттер талаптың биігінен көрінуге тырысты. Сөйтіп, ең жоғарғы ұпай жинаған Айгерім Қадылқызы бас жүлдені велосипед жеңіп алды. Ал, қалған қалған екі жүлделі орындарды өзара бөліскен Кәмшат Айтқожа – планшетті, Лина Сейітқали – ұялы телефонды силыққа алып, мерейлері үстем болды.
Сауат ашу курсының балық шәкірттеріне арнайы сертификат пен жайнамаз табыс етілді.
Бір атап өтерлігі, бұл игі шара табиғат аясында өтті. Шәкірттер сайысқа түсіп қана қоймай, табиғаттың көрікті жерлерін аралап, саяхат жасады.
Осы шараның өтуіне ұйытқы болған мешітте тәлімдемеден өтушілер, «Нұр-мүбарак» Ислам университетінің студенттері Аманбек Сайлау мен Нұрсұлтан Нұржанға да әр ісіне Аллаһ разы болсын дегіміз келеді.
Бақыт Смағұл
Науан хазрет атындағы
Көкшетау орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
01.07.2014
3205
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру