Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имам Отан қорғаушылармен жүздесті

01.07.2014 3251 0 пікір

Отан қорғау әрбір азамат үшін абыройлы міндет және ауыр жүк. Осынау жауапты міндет пен ауыр жүк арқалап жүрген, ел мақтан етерлік азаматтардың әрбір ісін ерлікке бағаласа артық емес.

Қызылжарма ауылдық округі №5547 әскери бөлімінің Отан алдындағы абыройлы міндеттерін атқарып жүрген азматтармен ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің Бас имамы Талғат Сейіткәрімұлы жүздесіп келді.

Өкіл имам әскер адамдарын Рамазан айымен құттықтап, оразаның ұлылығы мен екі дүниелік құндылықтарын ашып ұғынықты жеткізді.

Сонымен қатар, Талғат Сейіткәрімұлы: «Рамазан айы – Жаратушы Иеміздің мейірім шапағаты ерекше асып-таситын ай. Алла Тағала: «Аузы берік адам ішіп-жеуін менің ризалығым үшін доғарды. Ораза Менімен құлымның арасындағы риясыз ғибадат. Оған берілетін сый-сауапты Мен ғана өлшеп, Мен беремін. Аузы берік құлымның аштық пен шөлдеуден шыққан ауыз иісі Мен үшін миск әтірінен де тамаша», – деп оразаның зор сауабынан хабар берген. Міне, Аллаға құлшылық етіп, тәубеге келген құлдары үшін Раббымыз аса шексіз кешірімді және мейірімді», – деп ораза ұстаған адамның сансыз сауапқа кенелетінін айтты.

Уағыздан соң жауынгерлер өз сұрақтарын қойып, көкейге қонымды жауаптарын да алды.

Елін жерін күндіз-түні күзетіп жүрген ер азаматтарымызға Алла шыдамдылықпен, күш-жігер, қайраттылық берсін. Отан қорғар айбынды азаматтарымыз көп болғай.

                                                      ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз хатшысы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру