Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстаулық балалар сауат ашу курсын аяқтады

30.06.2014 3007 0 пікір

Маңғыстау облыстық мешітінде сауат ашу курсын 90 бала оқып шықты. Балалармен қоштасу рәсімін атап өту мақсатында арнайы отырыс ұйымдастырылды. Қыздар тобы мен ұлдар тобы өздерінің бір ай бойы жаттаған Құран сүрелерін, хадистерді, намаз және ораза үкімдерін  жиналған көпшілік алдында жарыса айтып берді. Балалардың дінге деген талпынысы мен құштарлығына риза болған ата –аналар мешіт имамдарына алғыстарын білдірді.  «Муғалім сәниді» бітіріп, тәжуидті меңгерген талапты ұл -қыздарға арнайы мақтау қағаздары тапсырылды. 

Жалпы облыс мешіттері бойынша биылғы сауат ашу курстарын 300 бала тәмамдады. Атап айтсақ, облыс орталығындағы мешітте 45 ұл, 45 қыз бала, қалалық  Бекет ата мешітінде 20 бала, Атамекен ауылдық мешітінде 100 ұл, 50 қыз бала, Жаңаөзен қалалық мешітінде 20 бала, ал Маңғыстау ауылдық мешітінде облыстағы ауыл аудандардан  келген 40 бала имамдардан дәріс алды. 

Маңғыстау облыстық
орталық мешітінің
баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру