Баспасөз ақпарат құралдары өкілдерінің кәсіби мерекесі – журналистер күні қарсаңында ҚМДБ-ның Ақтөбе облысындағы өкіл имамы, облыстық орталық «Нұр-Ғасыр» мешітінің бас имамы Әбдімүтәлі Қайназарұлы Дәуренбеков облыстағы барлық бұқаралық ақпарат құралдарының бір топ журналистерін және республикалық БАҚ-тардың облыстағы меншікті тілшілерін мешіт асханасында арнайы дайындалған мерекелік дастарханға шақырып қонақ қылып, оларды кәсіби мерекелерімен облыс мұсылмандары атынан шын жүректен құттықтады.
– «Сіздерді, – ең әуелі келе жатқан кәсіби мерекелеріңізбен – қазақстандық журналистер күнімен құттықтап қоюға рұқсат етіңіздер!», – деді Әбдімүтәлі Қайназарұлы.
Халық арасында: «Бұқаралық ақпарат құралдары – халықтың көзі мен құлағы» деген ұғым қалыптасқан. Шындығында да, ауылдарда, аудандарда, облыстарда, республикада, бүкіл әлемде болып жатқан барлық жаңалықтарды, оқиғаларды, жақсылықтар мен кемшіліктерді осы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы есітіп, көріп, оқып білеміз.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.): «Ислам діні насихат арқылы тарайды» деген болатын. Ал, бұқаралық ақпарат құралдары – керемет насихат құралдары десем, артық айтқандық болмас. Сондықтан, біздер, діни қызметкерлер, бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен халыққа діни насихат таратамыз. Яғни, біздер сіздермен, журналистермен бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара қоян-қолтық бірлесіп жұмыс істеуге ынталымыз.
Аллаға шүкір, Ақтөбедегі барлық бұқаралық ақпарат құралдары да біздермен бірлесіп тізе қоса жұмыс істеп, Ислам дінінің тәлімдік-тәрбиелік құндылықтарын халыққа нсаихаттап келеді. Осы еңбектеріңізге Аллаһ Тағала разы болып, шығармашылық табыстарға жетулеріңізге нәсіп етсін дегім келеді.
Бүгінгі басқосуға сіздерді шақырып отырған себебіміз: өзіміздің ризашылығымызды білдіре отырып, сіздермен «галстуксыз» еркін пікірлесіп, «Алдағы уақыттарда да бірлесіп жұмыс істеп, Аллаһ Тағаланың ризашылығы үшін асыл дінімізді – Ислам дінін халыққа кеңінен насихаттай берейік!» дегім келеді. Осыған орай, «Орамал тон болмайды, жол болады» демекші, құрметті журналистер, біздің имани шын Алғыстарымызды қабыл алуларыңызды өтінемін, – деп, өкіл имам журнлистерді Алғыс хаттармен марапаттады.
Өкіл имамның сый-құрметіне риза болған «Жас Алаш» газетінің облыстағы меншікті тілшісі Баян Сәрсенбина, республикалық «Хабар» агенттігінің облыстағы меншікті тілшісі Нұргүл Қонақбаенва, облыстық «Ақтөбе» газетінің тілшісі Индира Өтеміс, облыстық «Актюбинский вестник газетінің тілшісі Абат Қаратаев және басқалар облыс мұсылмандарын ертеңгі басталатын он екі айдың сұлтаны – қасиетті Рамазан айындағы Оразамен құттықтап, өздерінің тілектерін білдірді.
Өмірсерік ОРАЗАЛИН,
ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
30.06.2014
3271
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру