Қасиетті Рамазан айы айлардың ең қасиетті әрі қадірлісі екені сөзсіз. Мұсылмандар бұл айды қуана қарсы алып, қоштасарда қимастықпен шығарып салады.
Бұл ай келерде қадірлі қонақ келердегі дайындықтан артық дайындалып, өзінің бұл айды қалай өткізетінін жоспарлап та алады.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі де аталған айды құрметпен қарсы алып қадірлеу үшін қыруар жұмыстар жасауда.
Облыстағы барша мешіттің көрнекті орындарына және қала мен аудан орталықтарының сонымен қатар кенттердің халық көп жүретін жерлеріне «Рамазан мүбарак болсын!» деген жазулармен баннерлер ілініп, құттықтау тақташаларында ілді.
Сондай-ақ, мешітімізде қасиетті Рамазан айының құрметіне құлшылық етуге келген жамағатқа бір шама жағдайлар жасалуда.
Солардың бірі мешіт ішінің күндіз-түні ауа райын реттеп тұратын арнайы желдеткіштер қосылып, ерлер және әйелдер намазханасына «Аквалайн» мекемесінің демеушілігімен тазартылған сулар мен диспенсерлер қойылған.
Сондай-ақ, Қызылорда қалалық «Қатынас» авто паркінің 3 жолаушы шағын автобусы тарауих намазына қатысып шыққан жамағатқа 3 бағытта қызмет етуде. Бұл қызметтер Қасиетті ай соңына дейін жалғасатын болады.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі
баспасөз хатшысы Скендирова Әсел
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
30.06.2014
2960
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру