Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Үндеуге үн қосу

30.06.2014 3359 0 пікір

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфтидің Қазақстан халқына жолдаған Үндеуіне орай, Алматы қаласы Жетісу ауданы Амин мешітінің Бас имамы Мұсабек қажы Ақтамберді мешіт аумағындағы еліміздің барлық өңірлерінен келіп сауда жасайтын «Салем», «Барыс», «Достар Алатау», «Ялян», «Әл Фараби», «Жеңіс», «Байсат», «Рахат», «Жетісу», «Юпитер», «Аягөз» «Ақжар»  базарларының басшыларына ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажы ұлының «Иманымыз бен бірлігімізге бекем болайық» үндеуі мен  құттықтау хатын жеткізіп, Дін басының үндеуіне ат салысуға шақырды.

Саудгерлермен жүздесуге барған мешіт имамы үндеу және оның мазмұнындағы маңызды тұстарымен халықты таныстырып, кәсіпкерлерге бұл айдың қаншалықты маңызды екенін түсіндірді. Саудагерлердің үндеуге бір ауыздан қолдау білдіріп, өз үлестерін қосатынын жеткізді. Атап айтсақ, жеке кәсіпкер Рустам Қасымов, Сабыржан Шакиров, Ақылбек Ақжаркенов алғашқылардың бірі болып өз қызметінің бағасын 10 пайызға Алла разылығы үшін арзандатты. Бас мүфти Ержан қажы Малғажы ұлының үндеуін құп көріп, Рамазан айының құрметіне жеңілдік жасауға көшкен кәсіпкерлеріміздің бұл қадамы өзге әріптестеріне де үлгі болады деп сенеміз. 

Алматы орталық мешітінің
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру