Әлемнің күллі мұсылмандары сағына күткен Рамазан айы басталды. «Нұр Астана» мешітінде жылдағы үрдістен жаңылмай, ауызы берік жандарға дастархан жайылды. Шам намазынан кейін мешіт жамағаты алғашқы ауызашарда Алланың үйінен дәм татты.
Ардақты пайғамбарымыздың «Кімде-кім ораза ұстаған жанды ауызашарға шақырып тамақ беріп аузын аштырса – ораза ұстаған адамның алатынындай сауап алады. Аузы берік адамның сауабынан да еш нәрсе кемімейді» деген өсиетін өнеге тұтқан «Нұр Астаналық» дін қызметкерлері игі істі қасиетті айда момын мұсылман жандар үшін жасалып отырғанын айтып, сауабы мол айда игілікті істерге атсалысып жүрген кәсіпкер азаматтарға алғыс білдіретіндіктерін жеткізді.
Естеріңізге сала кетейік, рамазан айында қала мешіттері күн сайын жамағаттарға арнап ауызашарлар ұйымдастыратын болады. Мәселен, «Нұр Астана» орталық мешіті 300 кісіге, сондай-ақ, «Әзірет Сұлтан» мешітінде 400 адамға, «С.Ғылмани» мешітінде 150 адамға, «Төлебай» мешітінде 30 адамға, «Шейх Кунта қажы» мешітінде 20 адамға, «Әс-Сәлам» мешітінде 20 адамға, «Әл-Ғани» мешітінде 120 адамға арнап ауызашар дастархандары жайылады.
Бір Алланың разылығы үшін алдағы ауызашарда сауапты істерге үлес қосамын деген ізгі ниетті азаматтар ресми сайтымыздың оразаға арналған парақшасындағы «Кесте» тарауынан қарап, өздері қалаған күнде жамағатқа арнап ауызашар жасауға қатысуларына болады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
30.06.2014
3152
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру