28-ші маусым күні «Иманғали» орталық мешіті ұйымдастыруымен Атырау облысының әкімі Бақтықожа Салахаддинұлы Ізмұхамедовтың атынан ауызашар берілді.
Ауызашарға ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы, Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Шохаев Еркінбек Керімбекұлы, сондай-ақ, зиялы қауым өкілдері мен мешіт ақсақалдары, имамдар мен жастар да қатысты.
Өкіл имам жиналған жамағатты қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтап, ауыз бекіткен ағайынға жылы лебізін жолдады. Сонымен қатар, ізгі амалдар мен игі қадамдарға, жақсылық пен рақымшылыққа, береке-бірлікке жетелейтін бұл айдың қадір-қасиеті хақында әңгімеледі.
«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
30.06.2014
2990
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру