Рамазан айының алғашқы тарауих намазына жиналған мешіт жамағатына, бауырлас Түркия елінен арнайы шақырумен келген қари Мехмет Тұранды ҚМДБ-ның Семей аймағы бойынша өкіл имамы Алтыбай Мақсат таныстырды. Ол кісі Түркия елінің қазақ еліне деген ыстық сәлемін жеткізді. Құранды бастан аяқ толық хатым жасаудың сауабы, айлардың сұлтаны Рамазан ақ пен қараны ажыратып, тура жолды көрсету үшін, Құранның нұрлы аяттары түсіріле бастаған ай. Рамазан Хақ Тағаланың мейірім-шарапаты ерекше асып тасатын ұлы ай жөнінде мағыналы уағыз айтты. Мешітке жиналған жамағаттың Рамазан айымен құттықтау үшін, Семей қаласының әкімі Айбек Мүталапханұлы Рамазан мұсылмандар үшін тәрбие айы. Қайырымдылық пен мейірімділіктің ізгіліктің бастауы. Мұсылман қауымын қанағатшылықпен, төзімділікке, сабырлылыққа, тәубаға келуге нәпсісін тәрбиелейтін ай. Қасиетті ай мұсылман қауымының берекесін арттырып, бірлігі бекем қылып, имандылығын күшейтсін, - деген ізгі ниет пен ақ тілегін айтты. Өкіл имам Алтыбай Мақсат асыл дініміздің жанашыры, қамқорлық жасауға әрдайым жүрегі жақын, қала әкімі Айбек Мүталапханұлына ризашылығын білдіріп, рахмет айтты. Дана халқымызда жақсы сөз бар: «Иманды елде береке болады», - деген. Намаз соңынан өкіл имам мешіт жамағаттарына Рамазан айы бойы ораза ұстаған зиялы қауым өкілдеріне, қарт ата-әжелерімізге ауызашар ұйымдастырылатынын хабарлады.
Семей орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.06.2014
3502
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру