Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарты бар елдің – берекесі бар

27.06.2014 3537 0 пікір

Маусымның 27-ші жұлдызында қасиетті Рамазан айы қарсаңында Атырау облыстық қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйінде «Иман – жүрек айнасы» атты кездесу өтті.

Шараға ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы, Атырау облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Мұхамбетов Бахытжан Рабайұлы, Атырау облыстық қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйінің директоры Күзембаева Қилымқас Исабайқызы қатысты.

Кездесу барысында өкіл имам қасиетті Рамазан айы туралы уағыз-насихат айтып, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің бастамасымен шығарылған «Мүбарак Рамазан», «Дін мен Дәстүр» және т.б. кітаптарын қарттар үйіне тарту етті. Жиын соңында қарттар қойған сауалдарына өкіл имам тарапынан тұщымды жауаптарын алды.

«Иманғали» орталық мешітінің 
баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру