Маусым айының басынан Павлодар облысы орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешіті жанындағы балалардың жазғы демалысына орай ұйымдастырылған діни сауат ашу курсы өз мәресіне жетті. 26-маусым күні мешіттегі сауат ашу курсында оқыған 45 ұл шәкірт, 32 қыз шәкіртке жазғы сауат ашу курсын оқығаны туралы арнайы сертификатпен қоса діни кітаптар сыйға тартылды. Сонымен қатар қыз шәкірттер арасына діни дәрістер барысында қол өнер түрлерінен өзара жарыстар ұйымдастырып әртүрлі номинациялар бойынша сый-сияпаттар үлестірді.
Өкіл имам Нариман Ермекұлы өз сөзінде шәкірттерге сауат ашу курсы барысында Құран әліппесі, Ислам ахлағы, ғибадат, пайғамбарлар тарихынан сабақтар жүргізіліп, арасында интелектуалды ойындар мен еңбекке баулу, футбол сияқты спорттық ойындар ұйымдастырылып тұрғанын айта келе балаларды жазғы діни сауат ашу курсын бітіруімен құттықтап, алдағы уақыттарда балаларды имаманды болуға, білімді жақсылап алып ел мақтайтын азаматтар мен азаматшалар болуға шақырды.
Балаларын мешіттегі сауат ашу курсында имани алғашқы білімнің нәрін алғанына ата-аналар мешіт ұстаздары мен қызметкерлеріне рахметтерін айтып, ризашылдықтарын білдірді.
Алла тағала барша мұсылмандарға қайырлы білім берсін!
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.06.2014
3176
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру