Жуырда Сағабүйен ауылындағы Мәдениет үйінде «Қазақстанның діни мәдени мұрасы және мұсылмандық сәулет ескерткіштері» тақырыбында дөңгелек үстел басындағы әңгіме өткізілді. Оған Алматы облыстық Дін істері басқармасы дін мәселелерін зерттеу орталығының инспекторы Е.С.Қасенов, аудандағы ауыл имамдары мен жастар орталығының жетекшілері, Сағабүйен ауылының тұрғындары қатысты.
Жиынды аудан әкімінің орынбасары С.Қорғанбаев жүргізіп, мемлекет пен діни бірлестіктердің міндеттерін, олардың өзара байланысын жеткізді. Ауданда ауыл имамдарына жалақы төлеу мәселесі қолға алынды. Ол жөнінде аудандық газетте арнайы мақала жариаланып, барлық ауыл әкімдеріне Тарас ауылының азаматтарының ауылға білімді молда алып келген және оған былтырғы жылдың қараша айынан бері айына 30 мың теңгеден жалақы төлеп отырған. Тағы қосымша ауыл азаматтары 5 гектарға соя сеуіп берген. Ал, имам өз міндетін дұрыс атқарып, ауыл жастарын ислам құндылықтарымен жете таныстыруға тиіс.
Дөңгелек үстел басындағы әңгімеде дәстүрлі ислам дінінің құндылықтары мен мәдени ескерткіштері, балалардың діни сауатын ашу, хадистердің тәрбиелік рөлі сияқты мәселелер көтерілді.
Бұл бас қосуда Алматы облыстық Дін істері басқармасы дін мәселесін зерттеу орталығының инспекторы Е.С.Қасенов, аудан имамы А.Манбетов, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы М.Найманханұлы сөз сөйлеп, ауыл тұрғындары мен жастардың, молдалардың сұрақтарына жауап берілді.
Алматы облысы,
Ақсу аудандық мешітінің
баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.06.2014
3240
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру