«Алланың мейірімімен 28-маусым мейірімділік пен жомарттық айы – қасиетті Рамазан басталады», - деп, ҚМДБ Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Ахмадиев Серікхан Рымханұлы қаламыздағы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін басын қосып, күллі мұсылман қауымын қасиетті Рамазан айымен құттықтады. Сонымен қоса, ҚМДБ-ның төрағасы бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің биылғы қасиетті рамазан айына байланысты үндеуін оқып таныстырды. Соңғы кезеңдерде шыққан «Мүбәрәк Рамазан» атты кітапшадан ораза ұстаушылар керекті мағлұматтар алатынын атап өтті.
Серікхан Рымханұлы биылғы ауыз бекітудің 30 күнге жалғасатынын жеткізді.
«Бұл айда қайырымдылық пен жақсылықты көп жасап, мешіттерге келіп дұға қылу қажет, сонымен қатар сабырлыққа толы ай, мейірімділікпен шапағат айы, болғандықтан өзара сүйіспеншілікпен адамгершілікті арттыру мұсылмандық борышымыз», - деді.
Ораза ұстаудың шарттарымен тәртіптеріне нақты тоқталып, және осы Талдықорған өңіріндегі қала, аудан мешіттерінде ауыз ашарлар ұйымдастырылып, көптеген ізгі шаралар атқарылатынын жеткізіп, биылғы ораза пітірі 200 теңге болып белгіленгенін халыққа жария етті.
Сөз соңында құтты Рамазан айы халқымызға жақсылықпен ынтымақ, бейбітшілікпен береке алып келсін деп ізгі тілегімен аяқтады.
ҚМДБ Талдықорған өңірі
бойынша баспасөз қызыметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.06.2014
3328
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру