ҚМДБ-ның айрықша тапсырмасы бойынша қала мешіттерінің барлығында мектеп оқушыларына арналған жазғы діни сауат ашу курстарын өткізу игі дәстүрге айналғаны бұқараға белгілі. Балалардың жазғы демалыс маусымын бос өткізбей, ақыреттік пайдалы өтуі үшін аянбай қызмет етіп жатқан мешіт қызметкерлерінің еңбегі зор.
Соның нәтижесі Алматы орталық мешітінде көрініс тапты. Қала мешіттерінен жиналған 700-ден астам бүлдіршіндер мен жасөспірімдер мешіт ауласын лық толтырды.
1 ай бойы шариғи дәрістерден сусындап, білім алған балалар енді міне Алматы орталығына экскурсияға шығарылып, орталық мешіт ауласында ұлттық ойындардан арқан тартыс, асық ойнау және басқа да ойындар ойнап, көңіл көтерді.
Биыл қала бойынша 1000-нан астам балаға имандылық тәлім-тәрбиесі беріліп, оларға Құран сүрелері, пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өнегелі өмірі, ата-ананы, ұстазды құрметтеу, үлкенді сыйлау, кішіні құрметтеу, әдептілік сабақтары өткізілуде.
Буыны бекімеген бүлдіршіндерді имандылыққа тәрбиелеп, бойына жақсы қасиеттерді ұялата алсақ, болашақ елдің қамын ойлайтын азамат болып өсері сөзсіз.
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретудан балаға» демекші, ұстаздық аса жауапты әрі еңбекқорлықты сонымен қоса жалықпауды қажет ететін абыройлы іс. Пайғамбарымыз (с.ғ.с). әрбір мұсылман баласы оқу-жазуды білсе, білімді болса деп армандап өтті емес пе?! Олай болса, осы шәкірттердің барлығына бары мен нәрін беріп жатқан ұстаздардың жанына «Сендердің ең қайырлыларың, Құранды үйреніп, оны басқаларға үйреткендерің!» - деген Пайғамбар сөзі азық болып, ақыреттегі сауабы молынан болсын дейміз.
Алматы орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.06.2014
3451
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру