Хақ дініміз Исламның негізгі рәміздерінің бірі болған азан айтуды насихаттау, азанның шығу тарихы, мағынасы мен маңыздылығы және азаншының ерекшеліктерін халыққа етене таныстыру, сондай-ақ, ел арасындағы әдемі әуезді азаншыларды анықтап, табу мақсатында қасиетті Рамазан айының құрметіне орай Павлодар облысы орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің ұйымдастыруымен ауыл, аудан, қала мешіті қызметшілерімен жамағаттары арасына «Азан дауысы» атты сайыс осыдан бір ай бұрын жарияланған еді. Аталмыш сайыс 26-маусым күні облыс орталығында арнайы сценарий бойынша жүргізіп қорытындылады. «Азан дауысы» байқауы алдымен Алла тағаладан әрбір ісімізге қайыр, береке берсін деген ниетпен қасиетті Құран Кәрім аяттарын оқып, аузы дуалы ақсақалдардың бата беруімен басталды. Сайысқа «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің Жалпы және жастар бөлімінің басшысы Айбек Тілеубекұлы жетекшілік жасады.
Сайысқа мешіт азаншылары мен жастар жамағаты арасынан әр аудан және қала мешітттері атынан ұсынылған мешіт қызметшілерімен әуесқой азаншылар қатысты. Сайысқа қатысқан 12-50 жас аралығындағы азаншылар дауысының әдемі де тартымды болуы, араб әріптерінің махраждарын жақсі білуі, азан дұғасын жатқа білуі, азан кәлималары мен дұғасының мағынасыны білуі қатарлы шарттармен қоса қазылар алқасы тарапынан қойылған қосымша сұрақтарға жауап берді. Сайысқа ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Нариман Ермекұлы, қалалық «Ақмешіт» мешітінң бас имамы Жолдас Қоспақұлы, «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің наиб имамы Нұржан Дәулеткелдіұлы қатарлы білімді де білікті имамдар қазылық жасады. Байқау қорытындысы бойынша «Әуесқой азаншы» номинациясын Баянауыл ауданы «Мұса мырза» мешітінің жамағаты Мұсатаев Нұрсұлтан; «Білімді азаншы» номинациясын қалалық «Ақмешіт» мешітінің қызметшісі Қылышев Әбілхайыр; «Әуезді азаншы» номинациясын Екібастұз қалалық мешітінің азаншысы Ербол Амангелдіұлы қанжығасына байласа, жүлделі 1,2,3- орындарды қалалық «Ғазиз» мешітінің жамағаты Муталипов Мұрат Қайырұлы, қалалық «Ақмешіт» мешітінің жамағаты Кусманов Рымбек Құсайынұлы және орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің қызметшісі Тілеуқабыл Зәкерияұлы қатарлы азаншылар жеңіп алды.
Сайыс барысында «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің жазғы сауат ашу курсының бүлдіршін шәкірттері иләһи өлеңдер оқып, әртүрлі өнерлерін көрсетіп отырды.
Ислам діні жер жүзіне жайыла бастаған күннен бастап, азан бір сәтте айтылмай қалған емес. Сондай-ақ, қиямет күніне дейін әлемнің түпкір-түпкірінде азан даусы жаңғырып, өз міндетін атқара бермек. Алла Тағала отбасыларыңызға саулық, береке берсін! Алла бізді өзіне көп ең құлшылық еткен сүйікті құлдарының қатарынан санауды нәсіп еткей!
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.06.2014
4005
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру