Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО-да пресс – конференция өтті

27.06.2014 3400 0 пікір

Облыстық «Нұр Отан» партиясының  кіші залында ҚМДБ-ның  БҚО бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен «Қасиетті  Рамазан» айына байланысты пресс – конференция болып өтті.

Оған облыстық, қалалық мешіттің имамдары, «Орал» медресесінің ұстаздары, дін істері басқармасының мамандары, жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Облыстық орталық мешітінің бас имамы Руслан Тыныштықұлы сөз алып,  ҚМДБ-ның төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің қасиетті рамазан айына байланысты барша мұсылмандарына үндеуімен, құттықтау тілегін айтып, жергілікті басылымдарға жариялағандығын, Ақжайық жұртын келе жатқан «Қасиетті Рамазан» айымен құттықтап, ораза ұстау ислам дініміздегі бес парыздың бірі. Қасиетті рамазан айында мұсылман адам рухани жан дүниесін тазартып тәубаға келетін ай. Қасиетті Рамазан істеген амалдарымызға еселеніп сауаптар жазылады. Бұл айда қайырымдылық шаралары көбірек ұйымдастырылатына ерекше тоқталды. Ораза ұстаған жандарға, мешіт жамағаттарына ауыз ашар ұйымдастырылады. Биылғы ҚМДБ-ның төралқа мәжілісінде пітір садақасының құны 200 теңге болып белгіленгенін, ораза ұстаудың тәртібі туралы кестесінің үлгісімен таныстырып, журналистерге таратып берді.

«Орал» медресесінің ұстазы,» Астана» медресесінің түлегі Ержан Есім «Қасиетті Рамазан» айының оразасы жайында тоқталып, көпшілікке кеңінен түсіндірді.

Конференцияға жиылған журналистер дін мамандарына сауалдарын қойып, тұщымды жауаптар берілді.

Нұрлан САМАТҰЛЫ, 
ҚМДБ-ның БҚО бойынша
баспасөз хатшысы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру