Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қала жұртшылығы Бас мүфтимен жүздесті

27.06.2014 2988 0 пікір

Жезқазған аймағындағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің іс-сапары 26 маусым күні сағат 09:00-де қалалық «Нұр Отан» ХДП бас ғимаратындағы мәжіліс залында кездесумен жалғасты. Бұл жиынға қала активі, аймақтық барлық мешіттің бас имамдары, ақсақалдар алқасы және ЖОО, мектеп ұстаздары қатысты. Сөз басында қала әкімі Шайдаров Серік Жаманқұлұлы арнайы келген қонақтарды қала жұртшылығына таныстырды. Бірінші сөз кезегін әкімнің орынбасары Аханов Бейбіт Мұзарафұлы бастап, қаланың жалпы діни ахуалы және атқарылып жатқан іс-шаралар жайында баяндама жасады. Содан соң Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Жезқазған халықын ынтымаққа, ауызбіршілікке шақырып, Қасиетті Рамазан айымен құттықтады. Жиналған жұртшылықтың діни сауалдарына нақты, әрі түсінікті жауап берді. ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Марат Алмасұлы Әзілханов өз баяндамасында еліміздегі жат ағымдардың қоғамдағы тигізіп жатқан келеңсіз жайттары жайлы айтылды. Сырттан келетін ағымдардің түпкі мақсаты біздің тамырымызға балта шауып, салт-дәтүрімізге сай дініміз, рухани құндылықтарымызды жою, еліміздің іргетасына нұқсан келтіру болып табылады. Сондықтан осы өңірдің барлық жанашыр еразаматтары, ел ағалары және ақсақалдары   біріге отырып ел тыныштығын сақтау басты міндетіміз. Ислам дінін теріс жағынан насихаттап, халықты дәстүрлі Ханафи мазхабындағы дінімізден шошытуда. Алдын алу мақсатында ҚМДБ-ның тарапынан Республикалық және жергілікті үгіт-насихат топтары құрылып, барлық өңірлерде насихат жұмыстарын жүргізуде. Жастарға діни ілім алуға  мүмкіндіктер жасалған. Егеменді еліміздің рухани өркендеуі үшін баршамыз атсалысуымыз керек. Баяндама соңында жиналған халықты Рамазан айымен құттықтады. Жиналған  жұршылық ішінен сұрақтар қойылып, мамандар тарапынан толық жауап берілді.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы: «Ат төбеліндей ғана азғантай қазақпыз, жамағатты бірлікке шақырайық құрметті ақсақалдар!» – деген сөзбен кездесуді қорытындылады. 

ҚМДБ-ның Жезқазған аймағы 
бойынша баспасөз қызметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру