28-ші маусым баспасөз күніне орай «Жайық ақпарат» баспасөз клубында жергілікті БАҚ өкілдерін марапаттау рәсімі өтті.
ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы асыл дінімізді, һәм тіліміз бен тіршілігімізді кең көлемде насихаттау мақсатында қалам тербеп жүрген тілшілерді жинап, олардың еліміздің мәдениеті жолында жасаған еңбектері үшін алғыс айтып, өз ризашылығын білдірді. Сонымен қатар, мереке қарсаңында барлық БАҚ өкілдерін құттықтап, арнайы алғыс хаттармен марапаттады.
Кездесу соңында өкіл имам атыраулықтарды мүбарак Рамазан айымен құттықтап, ораза жайында кеңінен ақпарат берді. Сондай-ақ, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің оразаға жайындағы халыққа үндеуі де кеңінен насихатталды.
«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
26.06.2014
3037
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру