Ислам ұғымында ата-ананың баласы алдындағы парызы оны имандылыққа тәрбиелеу. Имандылық – адам өмірінің нәрі. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Садақаның абзалы- бір мұсылманның білім үйреніп, оны басқа мұсылман бауырына үйреткені», - деген. (Ибн Мажәһ).
Имандылыққа тәрбиелейтін ортаның бірі ол – мешіт. Мешіттердегі білікті де білімді имамдар. Біздің де ауданымыздың әр ауылдарында имандылыққа бет бұрған азаматтарымызға ақыл-кеңесімен көмектесіп, халықты бірлікке, өсіп келе жатқан жастарымызды имандылыққа тәрбиелейтін имамдарымыз бар. Пайғамбарымыз (с.а.у.) тағы бір хадисінде: «Сендердің жақсыларың Құран үйреніп,кейін оны біреуге үйреткендерің», - деген. (Имам Муслим). Әрине, әрбір істің нәтижесі болады.
Соның бір көрінісі біздің ауданға қарасты мешіттері шәкірттерінің арасында «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» атты білім сайысы ұйымдастырылды. Аталмыш сайысқа аудан бойынша жүзге жуық шәкірт қатысып, білімдерін сынап көрді. Құран оқудан бірінші орынды аудандық мешіттің шәкірті Рахат қызы Шаттық иеленді.Осы шара аясында баларды қызықтыратын спорттық ойындар өткізілді. Атап өтер болсақ, футболдан «Тарас» ауылының шәкірттері белсенділік танытып бірінші орынды иеленді. Желаяқтар арасында да жарыстар қызықты өтіп, мәре сызығын алдыңғы қатарда кесіп өткен балаларға сыйлықтар таратылды. Шара соңында ауданымыздың бас имамы Манбетов Анарбай шәкірттерге сыйлықтарын табыс етіп, қашанда білімде де, спортта да алдыңғы қатарда болуларына тілек білдірді. Арнайы балаларға дайындаған тәтті сусындар мен дәмді тағамдар ұсынылды. Осының бәріне біздердің қолымызды жеткізген Аллаға мадақтар айтылды. Бұл орайда балаларға дәмді ас дайындаған «Төре» дәмханасының иесі Ықлас бауырымызға, жарыс жүлдегерлеріне сыйлықтар берген «Алатау» дүкенінің иесі Балықбаев Еділге, балмұздақ пен сусындар берген «Манас» дүкенінің иесі Ерғалиев Маратқа айтар алғысымыз көп. Оларға Алланың нұры жаусын, істеріне береке берсін.
Алматы облысы,
Ақсу аудандық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
26.06.2014
3665
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру