Үстіміздегі жылы 25-маусымда Ақтөбе облыстық орталық «Нұр-Ғасыр» мешітінің баспасөз орталығында қасиетті Рамазан айына байланысты баспасөз конференциясы болып өтті.
Конференцияға республикалық «Айқын» газетінің облыстағы меншікті тілшісі Алтынай Сағындықова, облыстық «Қазақстан-Ақтөбе» телеканалының редакторы Гүлдана Ерназарова, тәуелсіз «Керек инфо» газетінің тілшісі Индира Кереева, тәуелсіз «Рика ТВ» телекомпаниясының редакторы Әсел Кенжалина, облыстық «Ақтөбе» газетінің тілшісі Индира Өтеміс қатысты.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ақтөбе облысы бойынша өкіл-имамы, облыстық орталық «Нұр-Ғасыр мешітінің бас имамы Әбдімүтілі қажы Қайназарұлы Дәуренбеков:
– "Үстіміздегі жылғы 28-маусым – он екі айдың Сұлтаны болған, қасиетті Рамазан айының бірінші күні".
– Рамазан айы – Аллаһ Тағала мұсылмандарға осы айда толық (бір ай) ораза ұстауды парыз етіп бұйырған ай. Бұл туралы Құран Кәрімнің «Бақара» сүресінің 183-аятында, Аллаһ Тағала: «Әй, мүъминдер! Сендерге бұрынғыларға парыз қылғандай ораза парыз қылынды», - деген.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының патуасы бойынша, қасиетті Рамазан айының оразасы биыл 28-маусымда басталып, 27-шілдеде аяқталады. Яғни, мұсылмандар осы айда отыз күн ауыз бекітіп, Аллаһ Тағаланың разылығы үшін ораза ұстайды. Шілденің 23-нен 24-іне қараған түн – сауабы мың айға татитын қасиетті Қадір түні, ал 28-шілде – Ораза Айт мерекесінің бірінші күні. Рамазан айындағы пітір садақасының мөлшері – жан басына 200 теңге.
Бұдан кейін ҚМДБ-ның өкіл-имамы Әбдімүтәлі Дәуренбеков облыстық орталық «Нұр-Ғасыр мешітінің найб имамдары Серікжан Еншібайұлы мен Руслан Елемесов, «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының басшысы Төлеген Талдыбаев Рамазан айындағы оразаның артықшылығы, рухани және денсаулыққа пайдасы, оның қадір-қасиеті мен үкімдері туралы тереңірек түсіндіріп, журналистердің сұрақтарына жауап береді.
Өмірсерік ОРАЗАЛИН,
ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
26.06.2014
3459
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру