Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Отыз күн оразада – отыз телебағдарлама

26.06.2014 3616 0 пікір

ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Батыржан қажы Берденұлының бастамасымен облыс көлемінде біршама игі істер жүзеге асуда. 11 ай күттіріп келе жатқан,  есігімізден енгелі тұрған айлардың сұлтаны Рамазанды ерекше етіп өткізуді, қасиетті айдың мол сауабынан қапы қалмауды мақсат еткен, жамағат үшін пайдалы шаралар осы айда Алланың қалауымен атқарылмақ. Бас имам Б.Мансұровтың мұрындық болуымен, Атырау облысы Дін Істері Басқармасы мен облыстық «Қазақстан Атырау» телеарнасының қолдауымен «Иман нұры» бағдарламасы отыз күн бойына тікелей эфирде көрермендер назарына ұсынылмақ.

 

Бағдарлама барысында өкіл имам, танымал теолог мамандар мен облыстық мешіт имамдары «Иман нұры» бағдарламасының редактор-жүргізушісі А.Аташевтың сұрақтарына жауап бере отырып, жаныңызды байытып  жүрекке нұр құятын қасиетті құндылықтарды әңгімелеп, салихалы сұхбат жүргізіп, көрерменнің көкейіндегі оразаға қатысты мәселелерді жауаптандырумен қатар Рамазан айына орай ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің құттықтауы мен ел халқына жолдауының маңызы, рамазан айында облыс көлемінде ұйымдастырылатын қайырымдылық және рухани іс-шаралардың басты бағыттары туралы да кең көлемде түсініктемелер беретін болады. Сонымен қатар бірнеше рет облыстық телеарнадан жарнаманың орнына күнделікті «Рамазан айының қасиеті», «Оразаның артықшылықтары», «Адамгершілік – арың», «Отанды сүю – иманнан», «Имандылық – басты байлығың» секілді тәрбиелік мән-мағынасы зор, ислам дінінің жауһарларын насихаттайтын тақырыптардағы хадистерді мешіт имамдары мен театр әртістерінің қатысуымен жүзеге асыру жоспарлануда. 

 «Иманғали» орталық мешітінің 
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру