Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қасиетті Рамазан айына байланысты баспасөз мәслихаты

25.06.2014 3237 0 пікір

24 маусым күні ҚМДБ-ның Семей аймағы бойынша өкіл имамы Алтыбай Мақсат қаламыздағы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін, күллі мұсылман қауымы айрықша құрмет тұтатын айлардың сұлтаны шапағаты зор Рамазан айымен құттықтады.

Ораза ұстау ислам дініміздегі бес парыздың бірі. Қасиетті рамазан айында мұсылман адам рухани жан дүниесін тазартып тәубаға келетін ай. Ораза ұстау да адамның атойлаған нәпсісін тежейтін, Жаратушы мен адам баласының арасындағы сыр ҚМДБ-ның төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің қасиетті рамазан айына байланысты ел мұсылмандарына үндеуімен, құттықтауы оқылып таныстырылды. Қасиетті Рамазан істеген амалдарымызға еселеніп сауаптар жазылатын берекелі ай. Бұл айда мейлінше қайырымдылық шаралары көбірек ұйымдастырылатына өкіл имам ерекше тоқталды. Ораза ұстаған зиялы қауым өкілдеріне қарттарға бақ өкілдеріне мешіт жамағаттарына ауыз ашар ұйымдастырылады. Биылғы ҚМДБ-ның төралқа мәжілісінде пітір садақасының құны 200 теңге болып белгіленгенін, ораза ұстаудың тәртібі туралы кестесінің үлгісімен таныстырды. Жиылған БАҚ өкілдерін қасиетті Рамазан тәрбие ай екенін ескертіп, ораза ұстауға шақырды.

Семей орталық мешітінің
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру