Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жасөспірімдер арасында футбол жарысы өтті

25.06.2014 3577 0 пікір

25 маусым сәрсенбі күні Қарасай ауданы жасөспірімдер арасында футболдан жарыс өтіп, аудандық мешітінің бас имамы Қуаныш Бақытбекұлы жарысқа қатысушы  жасөспірімдерді келе жатқан ұлы Рамазан айымен құттықтап, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының биылғы 2014-жыл «Дін мен дәстүр» деп жариялауына байланысты жасөспірімдер (12-15 жас) арасында аудандық футболдан жарыс өтіп жатқанын атап, жас спортшыларға сәттілік тіледі.

Жарысқа  «Алмалыбақ», «Еңбекші», «Қарасай спорт мектебі», «Алатау 2001» құрама командалары қатысып, өзара бір-бірімен кездесіп, «Алмалыбақ» құрама командасы өз қарсыластарын жеңіп, жеңіске жетіп 1-ші орынды жеңіп алды. 2-ші орынды «Алатау 2001» құрама командасы алса, 3-ші орынды «Еңбекші» құрама командасы алды. Ал «Қарасай аудандық спорт мектебі» көш соңында қалып қойды. Қарасай аудандық мешіті жастар істері іс-шаралары үйымдастырушысы, Алмалыбақ ауылдық мешітінің имамы Ерназар Қуандық командаларға кубоктар мен мақтау қағаздарын,  медалдар мен естелік сыйлақтарын, ҚМДБ-сы тарапынан шыққан кітаптарды табыс етті. Жиын соңында жарыс демеушілеріне Нағашыбек Зиядинұлы мен Бауыржан Тұрысжанұлына алғыс хаттар беріліп,  естелік үшін командалармен суретке түсірілді.

Қарасай баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру