Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласындағы өкілдігі, «Нұр Астана» орталық мешіті Республикалық қан орталығымен бірлесіп, 30-мамыр күні «Өзгеге өмір сыйла» донорлық акциясын өткізген болатын.
Шынында елімізде донорлардың тапшылығынан көпшілік адамдар қиын жағдайларға тап болуда. Мұқтаж жанның қайғы-мұңына бей-жай қарамайтын мұсылман жамағаты «Нұр Астана» мешітіне арнайы келген Қан орталығы мамандарының медициналық көлігіне қан тапсыруға ұзынсонар кезекке тұрды.
Аталмыш шараның басты мақсаты – өзіңе қалаған жақсылықты өзгеге де тілеу, үзілгелі тұрған тағдырларға қол жалғау, адамзаттың бір-біріне мейірім танытуы, бір сөзбен айтқанда мұсылманшылық сипатымыздан айнымау болатын.
Осы шараның нәтижелі аяқталуынан кейін ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлына Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Трансфузиология ғылыми-өңдірістік орталығының директоры Жандос Бүркітбаевтың атынан арнайы алғыс хат тапсырылды.
Алғыс хатта: «Қазақстандағы ерікті түрде қан тапсыру жұмысына Сіздің және ұжымыңыздың бір кісідей ат салысқаны үшін алғыс білдіреміз! Еліміздегі атқарылып жатқан кез-келген қоғамдық іс-әрекеттердің бәріне дерлік білік сыбана кірісіп кететін белсенділігіңізбен өзгелерге үлгі бола білдіңіз. Қарыштап дамып жатқан ғасырда Сіздей жауапкершілігі мол азаматтарымызбен мақтанамыз. Сіз бен біздің доннорлық дамыту мақсатындағы ынтымақтық жұмысымыз одан әрі де өз жалғасын табады деп білеміз», - делінген.
«Нұр Астана» мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
25.06.2014
3459
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру