Рамазан айы басталуына орай Маңғыстау облыстық орталық мешітінде баспасөз мәслихаты өтті. Өкіл имам С.Сейтбеков өңірдегі БАҚ өкілдерін Рамазан айының артықшылықтарымен, ораза кезінде облыстық мешіт тарапынан атқарылатын іс -шаралармен таныстырды.
«Рамазанның құрметіне орай, мешіт ауласында үш киіз үй тігіледі. Екі киіз үйде ерікті адамдар немесе мекемелер атынан күнделікті ауызашар беріліп отырады. Ал үшінші киіз үйде алғашқы ауызашар Ержан қажы Малғажыұлының атынан беріліп, онан кейін 28 маусым күні баспасөз күніне орай, БАҚ өкілдеріне ауызашар ұйымдастырылады. Мұнан кейін өңірдегі соғыс және еңбек ардагерлері, мүмкіндігі шектеулі жандар, мүжәлсіз отбасылар, жетімдер үйінің тәрбиеленушілері, оралмандар, зиялы қауым өкілдеріне т.б. бас мүфтиіміздің атынан тұрақты түрде бекітілген кестеге сай ауызашар беріліп отырады», деді өкіл имам С.Сейтбеков.
Баспасөз өкілдері сұрақтарын қойып, биылғы пітір садақасының мөлшері, тарауих намазы туралы, Қадір түні мен Ораза айт мейрамы жөнінде мәліметтер алды.
Өкіл имам С.Сейтбеков Рамазанды насихаттау жұмыстарының қарқынды жүріп жатқандығын, осы орайда арнайы билбордтар, плакаттар дайындалып, қала көшелеріне және жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көліктерге ілінетінін айтты. Сондай ақ, жергілікті «Қазақстан -Ақтау» телеарнасында аптасына екі рет тікелей эфирде мешіт имамдарының қатысуымен бағдарлама жүргізіледі. «Мешітке келуге уақыты жоқ не мүмкіндігі жоқ жандар өздерін толғандырып жүрген ораза туралы сұрақтарына тікелей эфирде жауап ала алады,- » деді өкіл имам.
Жиналған БАҚ өкілдеріне бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының «Мүбәрак Рамазан» кітабы мен ораза кестесі берілді.
Маңғыстау облыстық
орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
25.06.2014
3299
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру