19 маусым күні жергілікті уақыт бойынша 13.00-де Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Маямеров пен наиб мүфти, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы Ораз Алматыдан Ақтөбеге келді.
Құрметті қонақтарды Ақтөбе әуежайынан облыс әкімінің орынбасары Сара Нұрқатова, Ақтөбе облыстық дін істері басқармасының басшысы Бауыржан қажы Есмахан, ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкіл-имамы, облыстық «Нұр-Ғасыр» мешітінің бас имамы Әбдімүтәлі қажы Дәуренбеков, осы мешіттің наиб имамдары Серікжан Еншібайұлы мен Руслан Елемесов, Ақтөбе қалалық мешітінің бас имамы Бахытбек Тәжімбет, Әйтеке би аудандық мешітінің бас имамы Жандос Сайланов қарсы алды.
Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы мен наиб мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы 20 маусымда, Ақтөбеде өтетін «Ханафи мәзһабы – Орталық Азияның рухани мұрасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының жұмысына және Ақтөбе қалалық орталық тарихи мешітінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысуға келді.
* * *
19 маусымда, жергілікті уақыт бойынша 16.00-де, жергілікті журналистердің шақыруымен, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы «Қазақстан – Ақтөбе» телеарнасында болып, өзінің Ақтөбеге келген іс-сапары туралы айта келіп, журналистердің сұрақтарына тұжырымды жауаптар берді.
Бас мүфти сұхбат соңында Ақтөбе облысы мұсылмандарын келе жатқан он екі айдың Сұлтаны – қасиетті Рамазан айымен құттықтап, өзінің өзекжарды ізгі тілектерін тіледі.
* * *
19 маусымда, бесін намазынан кейін Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы мен наиб мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы Алға ауданының Бестамақ ауылында орналасқан ҚМДБ-ның «Ақтөбе» медресесіне барып, ұстаздармен кездесіп, медресенің оқу бөлмелерін, кітапханасын, асханасын, жатақханасын аралап көріп, жағдайымен толық танысты.
Медресенің директоры Әбдімүтәлі қажы Дәуренбеков Діни басқарма басшыларына медресенің ұстаздарын қысқаша мінездеме бере таныстыра келіп, осы діни оқу орнында атқарылып жатқан оқу-тәрбие жұмыстары мен материалдық-техникалық базасын нығайту барысы туралы баяндап берді.
Бұдан кейін Әбдімүтәлі Қайназарұлы ҚМДБ басшыларына медресе жанындағы құрылысы жақында аяқталған медресенің жаңа асханасын көрсетті.
* * *
20 маусымда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы мен наиб мүфти, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Серікбай қажы Ораз «Нұр-Отан» ХДП Ақтөбе облыстық филиалының ғимаратында өткен «Ханафи мәзһабы – Орталық Азияның рухани мұрасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының жұмысына қатысып, сөз сөйледі.
Сол күні жергілікті уақыт бойынша сағат 12.30-да Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы мен наиб мүфти, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Серікбай қажы Ораз Ақтөбе қаласындағы 111 жылдық тарихы бар ең көне мешіттің заманауи үлгіде қайтадан жаңғырып ашылу салтанатына қатысты.
Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы осы салтанатқа қатысуға келген ақтөбеліктер мен қала қонақтары алдында сөз сөйлеп, мешіт есігінің ашылу рәсімі – лентаны қиды.
Жұма намазында Ержан қажы Малғажыұлы жамағаттың алдында тәубеге келу жөнінде уағыз айтып, көпшілікті келе жатқан қасиетті Рамазан айымен құттықтап, өзінің ізгі тілектерін білдірді.
Өмірсерік ОРАЗАЛИН,
ҚМДБ-ның Ақтөбе облыстық
өкілдігінің баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
24.06.2014
3762
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру