Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жастар арасында бірлікті нығайту – басты мақсатымыз

23.06.2014 3295 0 пікір

Асыл дініміз қашан да деннің саулығына, адамның салауатты өмір салтын ұстануына ерекше көңіл бөлген. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадис-шәріпінде айтқандай: «Екеуінде де өз қайыры болса да, қуатты мүмін Аллаға әлсіз мүміннен жақынырақ және сүйіктірек»,- деген. Демек, Алла тағалаға жақын болам деген әр мұсылман адам өзінің денсаулығына қатты мән беруі керек. Осы орайда, ҚМДБ Жастар бөлімінің СҚО бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен облысымызға қарасты аудандардың намазхандары арасында футболдан жарыс өткізілді. Оған 10 команда қатысты. Жарыстың ашылу салтанатында облыс имамы Дүйсенбай Кенжетай қажы Байкемелұлы ислам дінінің спортқа деген көзқарасын айтып өтті. «Бұл игі бастама алдағы уақытта да жалғасын табады»,- деп сөзін аяқтап, ойыншыларға сәттілік тіледі.

Жастар арасында бірлікті нығайтуды мақсат тұтқан бұл спорттық кездесу өте тартымды өтті. Нәтижесінде, Аққайың ауданынан келген команда жеңімпаз атанып, кубокпен марапатталды, ал 2 орынға ие болған Тайынша ауданының ойыншылары мен 3 орын иегерлері қалалық «Нұр» мешітінің командасына марапаттау грамоталары табысталды. «Дені саудың- жаны сау» демекші, жастар салауатты өмір салтын ұстанса – бұл егемен еліміздің жарқын болашағының кепілі болмақ. Іс-шарадан кейін мешітте ойыншыларға дастархан жайылды.

«Қызылжар» орталық мешітінің 
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру