Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РАНТ мүшелері Аягөз ауданында

23.06.2014 3425 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанынан құрылған Республикалық ақпарат насихат тобының мүшесі Мұқанов Асқар Әбітайұлы, ШҚО діни істері басқармасының діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі бөлім басшысы Бекишев Дастан Талғатұлымен бірге, Аягөз қаласындағы орталық мешітінде қасиетті жұма күні «Береке бірлік, жүрек тазалығы» жайлы уағыз айтып, түстен кейін аудан имамы Маратхан қажы Мұхтарханұлы бастаған топпен аудандық әкімшіліктің үлкен залында мекемелер басшыларымен, бас қосу жиыны өтті. Сонымен қатар сол күні теміржолшылармен жиын өтті. Жиында сөз алған Асқар Әбітайұлы дініміздің құндылықтары, жат ағымдардың зияндылығы, ілімнің артықшылығы жайында уағыз-насихат  айтып, қойылған сұрақтарға жауап берді.

 Ақтоғай бекетіндегі кездесу

 

Келесі күні Аягөз қаласына қарасты Ақтоғай бекетінде мәдениет үйінде халықпен кездесу өтті.  Бұл жиынға РАНТ тобы мүшесі Асқар Әбітайұлы, ШҚО діни істері басқармасының діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі бөлім басшысы Бекишев Дастан мырза, Аягөз қалалық мешітінің ішкі саясат бөлімінің қызметкері Руслан мырза, Аягөз мешітінің наиб имамы Дәулет Қинаятұлы, Ақтоғай бекетінің әкімі Назар мырза, мешіт имамы Амангелді қатысты. Бас қосу желісі қазіргі қоғам және дін жайлы басталып, көпшілік ойындағы сұрақтарға жауап берумен жалғасты. 

Аягөз қалалық мешітінің
баспасөз қызметі
 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру