Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО-да Кеңес отырысы болып өтті

23.06.2014 3255 0 пікір

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы діни  бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес отырысы болып өтті.

Оған Кеңес мүшелері, мемлекеттік органдар,  БАҚ өкілдері қатысты .     

Облыс әкімінің орынбасары Мәкен Бақтияр Мәкенұлы  сөз алып, кеңестің жұмысына сәттілік тіледі.

Облыстық дін істері басқармасының басшысы Талғат Нығметов: Кеңестік хаттамалық шешімдерінің орындалу барысы және діни мәселелер бойынша құрылған ақпараттық-насихаттау топтарының атқарған жұмыстарының 2014 жылдың 1-ші жарты жылдығы бойынша қорытынды  есебі жайында мағлұмат берді.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов пен «Орал епархиясының Архангел-михаил соборы» приходының жетекшісі Феодосий әкей «Халықтың діни сауатын арттыру ісінде әлеуметтік желілердегі  ҚМДБ-ның  облыстық өілдігінің және Орыс православ шіркеуінің белсенділігі артытыру, ұйымдастыру мәселелері мен шешу жолдары» тақырыбында аясында баяндама  жасады.

Облыс имамы Руслан Тыныштықұлы: жергілікті уағыз-насихат жұмысы, қайырымдылық  шарасы мен жат ағымдардың жұмысын кеңінен айтып, атқарған қызметке тоқталықтай тоқталып өтті.

Облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкенұлы дін істері  басқармасының басшысы Талғат Рақымұлы мен орталық мешіттің бас имамы Руслан Тыныштықұлының атқарған қызметіне риза болып, оң бағасын берді.

Нұрлан  САМАТҰЛЫ
ҚМДБ-ның БҚО баспасөз хатшысы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру