28-ші Маусым барша мұсылман қауымы сағына күтетін айлардың сұлтаны Рамазан айы. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасы бойынша Жезқазған аймағы бойынша барлық мешіттерде оразаның жоғары дәрежеде өтуіне дайындық үстінде. «Ахмет ишан Оразайұлы» атындағы аймақтық мешіт қызметкерлері қала бойынша әкімшілік және мекеме басшыларына арнайы өкіл имам Қабылбек Әліпбайұлының атынан келе жатқан Рамазан айымен құттықтауларын жеткізді. Басқарып отырған ұжымдарына Алланың берекесін тілеп, тұтқалы жатқан оразалары қабыл болсын деген ниеттерін білдірді.
ҚМДБ-ның Жезқазған аймағы
бойынша баспасөз қызметі.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
23.06.2014
3740
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру