Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Бекет ата» кесенесінде уағыз айтылды

23.06.2014 4487 0 пікір

Еліміздің қай аймағы болмасын, танымал тұлғалардың кесенесін зиярат етіуші жандарды кездестіресің. Осы орайда исі қазаққа діни ағартушылығымен, діндарлығымен танымал «Пір Бекет атаның» кесенесін зиярат етушілер көп екендігін білеміз. Бекет ата өз заманының діни ағартушысы, дін қайраткері болғаны мәлім. Хиуадағы медреседен тәлім алған Бекет ата Маңғыстау аймағында ағартушылықпен айналысқан. Дін исламның жайылуында өзіндік үлкен үлес қосқан Бекет атаның кесенесін республикамыздың әр аймағынан келіп, зиярат етушілер бар. Зияратшылар Бекет ата кесенесіне барар жол бойында Шопан ата кесенесін зиярат етпей кетпейді. Аптаның соңғы күндері зияратшылардың қарасы көбейеді.

Ислам қабір зяратына рұқсат бергенімен, зиярат барысында шариғатқа қайшы амал жасамауды бұйырады. Діни сауаты шамалы жандар көп жағдайда шариғатқа қайшы әрекеттерді жасап жататынын байқаймыз. Дін насихат демекші Маңғыстау облысының өкіл имамы Сейтбеков Смайыл маусым айының 21-ші жұлдызы күні Шопан ата мен Бекет ата кесенесін зиярат етушілерге уағыз айту, қабір зиярат әдебін түсіндіру және келе жатқан рамазан айының ұлықтығын насихаттау үшін арнайы Бекет ата мен Шопан ата кесенесіне барып қайтты.

Әуелі жол бойындағы Шопан ата кесенесіне барды. Онда зиярат етушілерге арнап салынған тынығу, ас су ішетін үйге кіріп, дастархан басына жиылған жамағатқа уағыз айтты. Ислам дінінің шарттарын, қабір әдебін айта келе қасиетті рамазан айының ұлықтығын түсіндірді. Жиылған қауымға орталық мешіт тарапынан әзірленген рамазан кітапшасы мен ораза кестесі таратылды.

Одан кейін Бекет ата кесенесіне барып, онда да зияратшылардың тынығуы мен ас су ішулері үшін салынған үлкен залда өкіл имам уағыз айтты. Дініміздің құндылықтарын, қабір зиярат ету әдебін, үлкен күнәлар жайында айта келе, келе жатқан қасиетті рамазан айы жайында түсіндірді. Ораза ұстаудың парыздығы мен сауабы жайында айта келе, 200-ге жуық жамағатқа облыстық орталық мешіт тарапынан әзірленген рамазан кітапшалары мен ораза ұстау кестесін таратты.

Өікл имам мамыр айында да осындай мақсатпен Бекет ата кесенесіне барып қайтқан болатын. Алдағы уақытта да осылай уағыз айту жоспарлануда. 

Маңғыстау облыстық орталық 
мешіттің баспасөз хатшылығы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру