Жезқазған аймағы бойынша Жезді кентінің имамы Жалбыр Дәулет Бәркенұлы «Діни сауатты арттыру, диструктивті діни ағымдарды анықтау және олардың дәстүрлі Ханафилық мазхабтан айырмашылығы, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында кездесу ұйымдастырды.
Кездесуде кент әкімінің орынбасары Жұмабеков Мұратбек Досымбекұлының тікелей қатысуымен және қолдауында өтті. Кездесуде Ұлытау аудандық экстремизмге қарсы жедел күрес басқармасының аға уәкілі Ниязов Қанат Махмутұлы, Ішкі саясат бөлімінің діни істер жөніндегі инспекторы Мухамбетов Сагдат Болатович, Жезқазған аймақтық мешітінің найб имамы Сейдахметов Абылай Айқынұлы өз ойларын ортаға салып, діни уағыз-насихаттар мен баяндамалар оқылды.
Жезді кенті мешіт ақылдастар алқасының төрағасы Садуақасов Бектұр Садуақасұлымен кітапхана басшысы Мекебаева Зұлқия апаларымыздың пікірлері де тыңдалды. Кездесу барысында туындаған сұрақтарын жиынға қатысқан жас қызметкерлер мамандардың өздеріне тікелей қойып, қанағаттанарлық жауаптарын алды.
ҚМДБ-ның Жезқазған аймағы,
Жезді кентнің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
21.06.2014
4136
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру