Еліміздің және Ресей, Өзбекстан мемлекеттірінің дін басында жүрген азаматтарының басын қосқан "Ханафиттік мазхаб - Орталық Азияның рухани мұрасы" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция Орталық Азияда қазіргі кезде қалыптасып отырған дәстүрлі діни қарым-қатынастар мәселелерін талқылау мақсатында өтті. Шараға ҚР Дін істері агенттігінің лауазымды тұлғалары, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері, Ресей, Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының, ислам университеттерінің өкілдері, жоғары оқу орындарының ғалымдары мен теологтар қатысып,
Еуразия ұлттық университеттің профессоры Досай Кенжетай "Қазақстанда діни сауаттылықтың болмауы - мешіттер мен дінбасылардың проблемасы ғана емес, бұл қоғам мен мемлекетті де алаңдатып отырған жағдай. Ислам Қазақстанның ежелден ұстанған діні. Ата-бабаларымыздың дінін одан әрі жалғастыруымыз қажет, 12 ғасырдан бергі тарихи еңбектерді зерделеуіміз керек" деп нықтады. Осыдан кейін жиын қатысушылары бір ауыздан ханафиттік мәзхаб пен оның Орталық Азияда дәріптелуін толыққанды зерделеуді күн тәртібіне қойды.
Жиын барысында «Келіспеушіліктен ымыраласуға қадам жасау», «Діни таным мен рухани қауіпсіздік», «Діни ағарту - экстремизмнің алдын алу факторы» атты тақырыптарда секциялық жұмыстар өткізілді. конференцияны қорытындылай келе, Дін істер басқармасы жанындағы «Аңсар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен Ресей ислам университетінің (Қазан қаласы) арасында ақтөбелік студенттерді қашықтан оқыту туралы екіжақты келісімшартқа қол қойылды.
E-islam.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
21.06.2014
3928
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру